Павлодарда мектеп-интернатының оқушысы өлі күйінде табылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда шегуге арналған қоспаны тұтынғаннан кейін мектеп-интернаттардың бірінің оқушысы қаза болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Прокуратура баланың өлімі «спайс» есірткі затын пайдаланудан болғанын растады. Дегенмен, оқиғаның нақты мән-жайы әлі белгісіз.