Павлодарда мүгедектердің тактильді жолақтары мен пандустары талапқа сай болмаған
ПАВЛОДАР. KAZINFORM- Павлодар облысы Аққулы ауданының прокуратурасы 10 әлеуметтік нысанның іргелес аумақтарында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта қарастырылмағанын анықтады.
Бұл жағдайлар олардың конституциялық құқықтарына нұқсан келтіріп, әлеуметтік теңсіздікке әкелді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттен 1 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, оған ауданның 9 әкімшілік ғимаратында тактильді жолақтар мен көмекке шақыру түймелері орнатылған пандустар жөнделіп, салынды.
Тағы он мекемеде арнайы автотұрақтар мен оларға арналған жол белгілері қойылды.
Кемшіліктер үшін екі баланс ұстаушының әрқайсысына 200 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.
Осылайша прокурорлық қадағалау шараларымен ауданның ерекше қажеттіліктері бар 417 тұрғынының құқығы қалпына келтірілді.
Еске сала кетейік, Елімізде мүгедек жандардың 58% еңбекке жарамды.