Павлодарда нәрестесін көтерген әйелді қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін суытпақ болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Баламен бірге егде жастағы әйел де зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда нәрестесін көтерген әйелді қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін суытпақ болды

Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

«Төрт айлық нәрестенің миы шайқалып, жабық бас-сүйек миы жарақаттанған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп нақтылады ведомстводан.

Зардап шеккен 75 жастағы әйелдің кеудесі, жамбас сүйегі жарақаттанған, оң жақ тізесі көгерген. Ол амбулаториядан ем қабылдайды.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Желі қолданушыларының мәліметінше, Чокин көшесі, 95 мекен-жайында үйдің ауласында бала көтерген адамды көлік қаққан. Жүргізуші ізін суытам деп ауладағы орындыққа соғылған.