Павлодарда «Ниссан Цефиро» 16 жастағы қызды қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Абай және Естай көшелерінің қиылысында орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан 16 жастағы қыз зардап шекті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, қызды қағып кеткен көлікті әйел адам жүргізіп келе жатқан. Бұл жағдайға қатысты облыстық ІІД: «Ниссана Цефиро» көлігін жүргізген 35 жастағы азаматша жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындылды» деген мәлімет таратқан.