Павлодарда нормадан артық шығындардың төмендеуі электр, жылу және су тарифтерінің өсуін ұстап тұр

ПАВЛОДАР.    Қыркүйектің  14-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар  облысының электр қуатын,     жылу мен  су  жеткізуші       барлық  монополист-кәсіпорындары    нормадан артық  шығындарды  төмендетудің    жоспарларын   талдап  жасады. 

Павлодарда нормадан   артық  шығындардың   төмендеуі    электр,   жылу    және   су  тарифтерінің  өсуін   ұстап  тұр

Бұл туралы     баспасөз   мәслихатында мәлім еткен Табиғи  монополияларды  реттеу  жөніндегі агенттік  департаментінің  директоры Қайырғали Төлендиев,  шығындардың азаюы   коммуналдық тарифтердің  өсуін  ұстап отырғанын   атап көрсетті.

«Павлодар   РЭК»  акционерлік  қоғамы  өзі  жеткізетін  электр қуатының 10 пайызын     желілерде  жоғалтады. Ағымдағы   жылы   кәсіпорын үшін   белгіленген  техникалық   шығын  нормативтері 9,59 пайызға    дейін төмендетілді,  бұл  жайт    1,2 миллион киловатт-сағат  үнемдеуге  мүмкіндік береді. Жоспар бойынша,      нормадан артық шығынды  белгіленген нормаға дейін   азайту  2013 жылға  дейін  орындалатын  болады.

«Павлодар  жылу желісі»   акционерлік  қоғамы  тұтынушыларына жылына 2,3  миллион гигакалория        жылу  жеткізеді. Жылу  энергиясының  нормативтік  шығындары   781 мың  гигакалория көлемінде  бекітілген,  бірақ  іс жүзіндегі  көрсеткіш  13 пайызға   жоғары.    Шығындарды  алдағы бес жылда  218 мың  гигакалорияға   төмендету    жоспарланып отыр,  бұл 157 миллион теңгеге тең.

«Павлодар-Су арнасы» ЖШС  үшін  биылғы нормативтік  техникалық шығын -20,3  пайыз деңгейінде    белгіленді.