Павлодарда «Нұр Отан» бастауыш ұйымдарының тұңғыш аймақтық форумы өтуде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Форумға еліміздің төрт облысынан келген 250-ге тарта делегат қатысуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Саяси ұйымның Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов делегаттарды іс-шараның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. - Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда бастауыш партия ұйымдарына ерекше мән беріп отыр. Елдегі модернизациялық үдерістер жүріп жатқан жағдайда партия алдында зор міндеттер қойылып отыр. Осы орайда БПҰ қызметі ерекше маңызға ие. Өйткені, сіздер қарапайым тұрғындарға етене жақын құрылымдарда жұмыс істейсіздер. Бастауыш ұйымдар арқылы идеологиялық жұмыстың негізгі бөлігі жүргізілетінін деп ұмытпаған лазым, - деп атап өтті Болат Бақауов.null   

Қазіргі кезде Павлодар облысында партияның 415 бастауыш ұйымына біріккен 65 мың «Нұр Отан» мүшесі бар. Пилоттық партиялық жобалар жүзеге асырылуда және мұнда павлодарлық бастауыш партия ұйымдарының белсенділігі жоғары. Айталық, «Богатырь Көмір» қолдауымен Екібастұзда ІТ-сынып ашылса, «Santehplast» ұйымы Павлодардағы коворкинг-орталықтың ашылуына жәрдемдесті.  Өз кезегінде аймаққа жұмыс сапарымен келген партия хатшысы Тамара Дүйсенова Нұрсұлтан Назарбаевтың партиялықтар алдына қойған міндеттерін санамалап өтті. - Елбасы қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға жағдай жасау форумның басты мақсаты болып табылады. Оның жұмысы бірнеше секцияға бөлінген. Форум барысында партиялық кадрлық резервті қалыптастыру, спикерлермен жұмыс және партиялық білім беру секілді маңызды мәселелерді талқылаймыз, - дейді Тамара Дүйсенова.null

Өскемен қаласының №1 сайлау округі БПҰ төрағасы Амантай Бақыттың пікірінше, БПҰ жұмысындағы басты мәселе кадрлар жетіспеушілігі болып табылады. - Біздің ұйымымызда 1200 партия мүшесі тіркелген. Бізде толыққанды жұмысты жүргізіп, партжобаларды жүзеге асыруға, іс-шараларды өткізуге қажетті штат жоқ. Сол үшін аймақтық филиалдардан БПҰ-ларға кадрлар берілсе деген ұсыныс жолдаймыз, - деді ол.

 nullАлқалы жиынға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысынан жалпы саны 250 делегат қатысуда. Форум қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар БПҰ белсенділігін арттыру тұжырымдамасының негізіне айналады. Бұл құжат қараша айында Астанада өтетін республикалық БПҰ форумында таныстырылады. 

Соңғы жаңалықтар