Павлодарда онкологиялық диспансер салынады
«Бюджет қаражаты есебінен Павлодарда 200 төсек-орынға арналған облыстық онкологиялық диспансер мен бір ауысымда 100 адамдық қабылдайтын емхананың құрылысын бастадық. Аталған нысандарды пайдалануға беру денсаулық сақтау көрсеткішін арттырып, онкологиялық аурулардың төмендеуіне септігін тигізеді», - деді ол.
Сонымен қатар Болат Бақауов өңірдегі кәсіпорындарды жаңғырту барысындағы міндетті шарттардың бірі экологиялық жүктемелерді төмендету мәселесі болып отырғандығын баса айтты.
«Тек осы жылдың өзінде ғана кәсіпорындар жүргізген экологиялық шараларға 12 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде соңғы 2 жылда атмосфераға шығарындылардың көлемі 11 пайызға төмендеді», - деді облыс басшысы.
Айта кетерлігі, әкімдік ұсынған мәліметтерге қарағанда, облыстық денсаулық сақтау саласында 350 медициналық ұйым бар. Оларда 2370 дәрігер және 6269 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. 2017 жылдың қаңтар-маусым аралығында облыста 8070 бала дүниеге келген.