Павлодарда опырылған шатырдың астында қалған екі адам ауруханада жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Артур» сауда үйінің шатыры опырылып, екі адам соның астында қалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Павлодар қалалық ауруханасының баспасөз қызметі оқиғадан зардап шеккендердің жағдайын айтып берді. Екі науқастың да жай-күйі бірқалыпты.
«1971 жылғы ер адам ашық бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы тұрақты. 1975 жылы туған ер адамда политравма болды. Жағдайы тұрақты ауыр, оң аяғының сүйектері бірнеше жерінен сынған. Жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасы.Оқыс оқиға бүгін түсте болған. Сауда орталығы ғимаратының бүйір жабыны жазғы дәмхананың үстіне опырылып түскен. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалпы құлаған аумақ - 300 шаршы метр.Еске сала кетейік, Павлодарда нөсер жауыннан кейін қаланың бірнеше шағынауданы жарықсыз қалды, бағдаршамдар істемей тұр.