Павлодарда өрт салдарынан 6 адам ауруханаға жатқызылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда сән театры жанында орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 4 бала мен 2 ересек адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Шамамен таңғы сегізде бес қабатты тұрғын үйдің баспалдағында қоқыс пен электр қалқаны өртенген. Ал «Райса сән театры» ғимаратының іргелес қоймасының едені мен киімдер өртенген. Таңғы тоғыз жарымда өрт тоқтатылды, тағы бір сағаттан кейін толық сөндірілді. Бес қабатты үйдің жоғарғы қабатынан 10 адам құқарылды, оның үшеуі - балалар. Өрт аумағы он шаршы метр жерді зақымдады.
Денесін күйік шалған, орта және жеңіл деңгейде уланған алтын тұрғын ауруханаға жатқызылды, оның төртеуі балалар.