17:14, 27 Қараша 2018 | GMT +6
Павлодарда өрт шалған құдықтан ер адамның мәйіті табылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жылу-оқшаулау құдығында өрт болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Қаладағы Ломов көшесі, 180 мекенжайы бойынша жылу-оқшаулау құдығында қоқыс, сондай-ақ аумағы 15 шаршы метр аумақтағы құбырлар жанды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімі мен № 2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан алты адам және екі техника жұмыс істеді», - деді департаментте. Өрт сағат 00.11-де ауыздықталып, сағат 00.59-де сөндірілді.
«Өртті сөндіру кезінде 58 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына шылым шегу кезінде сақтық танытпау себеп болған», - деді баспасөз қызметінде.