Павлодарда өрт сөндірушілер жалын ішінен 3 баланы құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Павлодар қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінің 2-қабатындағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық техниканың жануы орын алды.

Павлодарда өрт сөндірушілер жалын ішінен 3 баланы құтқарды
Фото: ТЖМ

- Қатты түтіннің салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, 3 бала құтқару қалпақтары арқылы жану жағдайынан уланудан құтқарылды, - деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, өрттің таралуына жол берілмей, 18 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Көміртегі тотығымен уланған 1 ер адам ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, Ақсай қаласында мектеп автобусы өртеніп, жүргізуші жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар