Павлодарда өртте екі адам мерт болды, оның бірі 7 жасар бала - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында өртте екі адам қаза тауып, көмірқышқыл газына уланған бір адам ауруханаға түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, бейсенбі, қаңтардың 14-і күні сағат 13.15-те, үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 10 шаршы метрінен шыққан өртті сөндіру барысында, 49 жастағы ер адам мен 7 жастағы баланың мәйіттері табылды. Сондай-ақ, иіс тиіп уланған 47 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.
Тілсіз жау ТЖМ-ның Павлодар облысы бойынша өртке қарсы қызметінің күшімен 14 сағат 22 минутта ауыздықталды.