Павлодарда «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» жобасы жүзеге асырылуда
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османованың айтуынша, бұл бағдарлама облыстық іс-шаралар жоспары шеңберінде қолға алынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Аталмыш жоба биыл өз нәтижесін беретін болса, келесі жылдан бастап республика деңгейінде іске асырылады.
- 2017 жылдың соңына дейін 10 отбасының мүшелерін, 30 адамды оқытамыз. Бір топ үш ай уақыт оқиды. Сабақ әрбір демалыс сайын өткізіледі. Келесі жылы осы бағдарлама бойынша 170 отбасын, яғни 500-ден астам адамды қамтимыз деп отырмыз. Сабақтың үлгілерін көрермендерге Уoutube сайты және басқа да әлеуметтік желілері арқылы көрсететін боламыз, - дейді Сәуле Османова. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ержан Төкеновтың сөзінше, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. - Отбасыларға тіл үйрету курсына тек өзге ұлттың өкілдері ғана қатысады. Сабақты облыстық «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кенжекова жүргізуде. Жобаның негізгі авторы да сол кісі. Адамдардың қабылдау деңгейіне байланысты бастауыш, қарапайым, орта және базалық деңгейлері бойынша оқытады, - дейді Ержан Төкенов.