Павлодарда өтетін қысқы Универсиадаға 1500-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда 1 наурыз күні басталатын елішілік VII қысқы Универсиада ойындарында 1500-ге тарта спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық білім беру басқармасына қарасты аймақтық оқу-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы басшысының орынбасары Виктор Корякинге сілтемемен.
None
None

«Бәсеке тоғыз спорт түрі бойынша өтеді, - дейді Виктор Корякин. - Бұл - шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, футзал, армрестлинг, гір тасын көтеру, пауэрлифтинг, баскетбол және қазақ күресі. Біздің өңірдің атынан 300-дей спортшы бақ сынайды. Мұндай Универсиада Ертіс өңірінде алғаш рет өткізілуде».

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, VII қысқы Универсиада ойындарына қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 31 ЖОО-нан алдын ала 1266 өтінім түскен.

Универсиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге алдын ала - 577, екінші кезеңге 689 адам алдын ала өтінім берген.

2018 жылғы 1-6 наурыз аралығындағы бәсекенің бірінші кезеңінде шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футзалдан және баскетболдан ерлер мен әйелдер арасында жарыстар өтеді.

Екінші кезеңде спорттың 5 түрінен жарыстар өтеді: қазақ күресі, қысқы спорттық бағдарлау, армрестлинг, гір спорты, пауэрлифтинг.

Фото: Никита Спивака

Соңғы жаңалықтар