16:09, 04 Мамыр 2017 | GMT +5
Павлодарда отқа оранған дүкеннен 27 адам шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Қамзин көшесі, 160 мекенжайы бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан аяқ киім дүкені өртенді.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, сауда нүктесіндегі әйелдер сөмкелері мен аяқ киімдер тұрған сөрелер отқа оранып, қызыл жалын үш шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Өрт шыққаны туралы хабарлама кеше сағат 19.44-те кезекшілік бөліміне түскен. Сағат 20.44-те толығымен сөндірілген. - Оқиға орнынан 27 адам сыртқа шығарылды. Оның сегізі - балалар. Дүкен "Разгон" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттен екі бөлімше жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді баспасөз қызметінде.