Павлодарда отқа оранған үйден 12 адам құтқарылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 1986 жылы туған ер адамның түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Павлодардағы өрт
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Павлодар қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтер өртенді.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Павлодардағы өрт
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

— Павлодар қаласының өрт сөндірушілері Сұрағанов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердегі өртті сөндірді. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері тұрғындарды эвакуациялауды жүргізді. Біздің мамандар барлығы 12 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. 1986 жылы туған ттұрғын түтіннен уланып қалған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен.

Пәтердегі өрт шарпыған жердің жалпы аумағы — 15 шаршы метр.

Еске сала кетейік, СҚО тұрғыны өртенген үйден үш баланы аман алып шыққанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар