Павлодарда ойын терминалдары жойылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда ойын терминалдары жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарда ойын терминалдары жойылды

Комитеттің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 30 шілдеде «KAZ ECO PVL» ЖШС көмегімен 7 ойын терминалын жойды.

«Бұл ойын терминалдары ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті ұйымдастыру фактілері бойынша қылмыстық іске қарсы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Павлодар қаласының аумағында тәркіленді. Ойын терминалдары бөлшектеліп, одан әрі арнайы преспен мыжылып, жойылды. Бұл – толығымен экологиялық қауіпсіз әдіс», делінген хабарламада.

Комитет ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны және соған орындарды бергені үшін ҚР ҚК 307-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

«Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдары тек арнайы белгіленген ойын аймақтарында орналасуы қажет.

Заңсыз ойын бизнесі туралы ақпарат болса, комитеттің – 8 (7172) 70-84-78, немесе Павлодар облысы бойынша ЭТД – 8 (7182) 61-33-05, 8 (702) 816-01-81 сенім телефондарына хабарлауға болады.