Павлодарда өз құрдасын аяусыз тепкілеген жасөспірімдердің ісі сотқа жіберілді

Былтыр Павлодар қаласында жас шамалары 12-17 жастағы бір топ бала өз қатарласын аяусыз ұрып-соққаны жергілікті қоғамның ашу-ызасын тудырған. Полиция кәмелетке толмағандардың ісін ұзақ тергеп, сотқа жолдады, деп хабарлайды Kazinform.

 Атырауда тұтыну кооперативіне қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті
Фото: Мухтар Холдорбеков/ҚазАқпарат ХАА

Оқиға 24 шілде күні Торайғыров университетіне қарасты стадион маңайында болған еді.

Жасөспірімнің бас сүйегіне, денесіне жарақат салып, ойларына келген жауыздықты жүзеге асырғандардың барлығы - кәмелет жасына толмағандар. Жабыла сабағаны былай тұрсын, зардап шегушіні тыр жалаңаш етіп шешіндіріп, қорлап, онысын ұялы телефон камерасына түсіріп алған.

Ең соңы бейбастақ қылық жасағандар баладан 100 мың теңге талап етіп, бопсалаған. Байғұс баланы соңынан достары тауып алып, жедел жәрдем көлігін шақыртқан.

- Аталған қылмыстың барлық мән-жайлары анықталды. Қажетті тергеу іс-шаралары аяқталып, оның нәтижелері бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа берілді, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Қазіргі уақытта тиісті органдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Ал баланы қорлаған жасөспірімдердің ата-аналары да тиісінше жаза арқалады.

Соңғы жаңалықтар