Павлодарда пластикалық қалдықтарды жинайтын жәшіктер қойылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы орталығында пластмасса қоқыстарды жинайтын 400 контейнердің 147-сі орнатылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда пластикалық қалдықтарды жинайтын жәшіктер қойылады

Облыс әкімдігінде экология мәселелері жөнінде өткен жиында контейнерлер Павлодарда мемлекеттік ұйымдарда, бірнеше аулалар мен саябақтарда орналастырылғаны белгілі болды. Мысалы, жағалауда - алты, қалалық саябақта - төрт және Гагарин саябағында екі контейнер орнатылған.

Шенеуніктердің айтуынша, жәшіктегі қоқыс аптасына үш рет шығарылады. Контейнерлерде айына 30 тоннаға дейін пластикалық қалдық жиналады.

«Іріктелген пластикалық қалдықтар екінші реттік шикізат ретінде пайдаланылады. Олардан жұқартылып, ұнтақтар мен полиэтилен қаптары алынады», - деді өңірлік жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев.

Облыс әкімі пластиктерді ғана емес, екінші рет пайдалануға мүмкіндік беретін құрылыс қалдықтарын да жеке жинау керектігін атап өтті.

«Жол құрылысы кезінде астын толтыратын зат іздеп қаламыз- Ал құрылыс қалдықтарын осы бағытта қолдануға болады. Бүгінде құрылыс қалдықтары кез келген жерге шығарылуда. Тіпті, жайылымдарға да төгілуде. Сондықтан керек кезде пайдалану үшін құрылыс қоқыстарын жеке жинайық», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Кездесуде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы да сөз болды.

Жер қойнауын пайдалану басқармасы басшысының айтуынша, барлық ауылға полигон салу өте қымбат. 345 полигонға 52 миллиард теңгеден астам қаржы керек. Сондықтан шенеуніктер тұрмыстық қалдықтардың полигоны бойынша кіші, орташа, үлкен елді мекендерге арналған жобалар жасау керек деп шешті. Бұл жобаларды құрастыруға жұмсалатын бюджеттік шығынды қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта құрылыс істері жөніндегі комитет пен ТҮКШ 2019 жылға жобаларды құрастыруға арналған бюджеттік өтініштерін дайындауда.