Павлодарда полицей жолай өткен адамдарды қапқан алабайға оқ атуға мәжбүр болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда азаматтарды ит қапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
None
None

«21 тамыз күні сағат 06:31-де «102» нөміріне Бекхожин көшесіндегі Сауда үйлерінің бірінің артында белгісіз ит ер адамды тістеп алғаны және өтіп бара жатқан адамдарға қарай шапқаны туралы қоңырау келіп түсті», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, оқиға орнына Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының АП-627 автопатрулі жіберілді.

Келген бойда полицейлер өтіп бара жатқан адамдарға жүгіріп, өзін агрессивті ұстаған алабай тұқымды итті көрді.

Сондай-ақ ер адам бұл иттің әйелге шабуыл жасағанын, кейін оны тістеп алғанын айтып, полицияға жүгінді.

Жағдайды бағалап, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында полиция кіші лейтенанты Ерсін Шахманов ПМ-9 мм қызметтік қаруын қолданып, екі рет оқ атты.

Ит тірі, ветеринарлық қызметке тапсырылды. Оның иесі іздестіріліп жатыр.

Жәбірленуші, 33 жастағы ер адам – полиция депатаментінің қызметкері – жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Оған «оң жақ білегінің екінші санатты тістеу жарақаты» диагнозы қойылды.

Жәбірленушінің айтуынша, ол таңғы уақытта жұмысқа шыққан. Өтіп бара жатып, белгісіз иттің әйелге шабуыл жасағанын көреді.

Ойланбастан жүгіріп келіп, әйелді жауып, иттен құтқарады. Ит оған да атылған. Полицияны куәгерлер шақырған.

Полиция қызметкерінің қызметтік қару қолдану фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.





Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар