Павлодарда полицейлер жатақханаларды тексеріп жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында екі күннің ішінде қала жатақханаларын тексеру барысында полицейлермен 190 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда полицейлер жатақханаларды тексеріп жатыр

«Облыс орталығы аумағында полиция қызметкерлері қала жатақханаларында рейдтік шаралар жүргізді. Қала аумағында 39 жатақхана орналасқан. ІІД-нің  жергілікті полиция қызметі және ішкі істер бөлімі, басқа да  қызметкерлермен барлық жатақханалардың бөлмелері  тексерілді. Сондай-ақ  ҚР Бас прокуратурасы  және ІІМ есептері бойынша тексерістер жүзеге асырылды», - деді департаментте.

 Тексеріс қорытындысы бойынша учаскелік полиция пунктеріне 53 адам жеткізілді. Оның ішінде 15 адам ІІБ профилактикалық есебіне алынды. Бұдан басқа,190 әкімшілік құқықбұзушылық  анықталды.   Оның ішінде  тіркеусіз немесе жеке басын  куәландыратын құжаттарсыз тұру  бойынша 63 факті, ұсақ бұзақылық  бойынша 25 факті, алкоголь сусындарын ішу  бойынша 57 факті,  жеке қоғамдық орындарда темекі шегу бойынша 36 факті анықталды. Ломов көшесі бойында орналасқан жатақханада рейдтік шаралар жүргізу кезінде 31 жасар павлодарлық азамат ұсталды. «Самсунг-Галакси - С 5» ұялы телефонының ИМЕЙ кодын тексеру кезінде мамыр айында  көлік жөндеу стансасынан ұрланған телефон екені анықталды.