Павлодарда полиция қызметкері атын жамылған алаяқ құрықталды
Оның атап өтуінше, Павлодарда облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері арнайы операциясы жүргізу барысында Тараз қаласының екі азаматын тұтқындаған. Олардың бірі өзін ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерімін деп таныстырып, Павлодар мен Қарағанды қаласының тұрғындарына қатысты бірқатар алаяқтық жасаған.
«Олардың бірінде майор шеніндегі полиция киімі мен қызметтік куәлігі болған. Ал екіншісі өзін Семей қаласының тұғрынымын деп таныстырған», деді ол.
ҚР ІІМ өкілінің сөзіне қарағанда ұсталғандардың бірі Павлодар қаласының тұрғынын алдап, оның Ниссан-Максима көлігін иемденген және көлікті 2500 долларға сатып, ақшасын қалтасына басқан. Ал тағы бір тұрғынға өзін ӨҚД қызметкерімен деп таныстырып, жүргізуші куәлігін қалпына келтіру үшін 75 мың теңге алған. Сонымен қатар оған Қарағанды қаласы тұрғынының 2 млн. 350 теңге ақшасын ұрлады деген күдік келтіріліп отыр.
«Алматы қаласының ІІД бұл «жалған полицейге» алаяқтық жасағаны үшін өткен жылдың қазан айында іздеу жарияласа, оның сыбайласы Жамбыл облысында бұзақылық жасағаны үшін ағымдағы жылдың ақпан айынан бері мемлекетаралық іздестіруде болған», деп атап өткен Қ.Жұманов қазіргі уақытта ұсталған азаматтардың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатқандығын айтты.