Павлодарда полипропилен сақтайтын қойма өртеніп жатыр, 3 адам зардап шекті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда Солтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасқан «Компания Нефтехим LTD» кәсіпорнының полипропилен шығаратын цехы отқа оранды.
None
None

«Полипропилен (ұнтақ түріндегі) сақталатын қойманың өртенгені жайлы суыт хабар бүгін сағат 18:45-те түсті. Алдын ала деректерге қарағанда, жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Қазіргі шақта тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «Өрт сөндіретін және апаттық-құтқару жұмыстары» МБ жеке құрамының 30 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды»,-деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, өрт сөндірушілер отқа оранған ғимараттан зардап шеккен 3 адамды алып шыққан. Олар ауруханаға жеткізілді.
null
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар