Павлодарда прокуратура қоқысқа тасталған елтаңбаға қатысты видеоны тексеріп жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының прокуратурасы қоқыс полигонына лақтырылған мемлекеттік рәмізге қатысты оқиға бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Облыс прокуратурасы бейнероликте түсірілген оқиғаға қатысты қызметтік тексеруді жүргізуде. Сондай-ақ ақпаратты есепке алу кітабының материалы аясында полиция тексеру шараларын бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасында.
Интернетте Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы мен Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы кіреберісінің тақтайшасы қоқыс полигонында жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл – Ақтоғай ауылының облыс орталығынан екі шақырым қашықта орналасқан полигон.
«Мемлекеттік рәміз ол жерге қалай тап болған? Бұл қадағалаушы органны өздері жасады ма, соны полиция анықтауы керек», - деп жазды бейнероликті түсірген автор.
Әлеуметтік желіге таралған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасына кіреберісіндегі тақтайша және құрылыс қоқыстарының арасында жатқан екі елтаңба түсірілген.
«Аталған факті тіркелді. Тексеру шаралары жүргізілуде», - деп атап өтті Павлодар облыстық полиция департаменті.
Авторы Антон Гагарин