Павлодардың ірі өндіріс ошақтарының бірінен өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Павлодар қаласында Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өндіріс цехтарының аумағының бірінде болып жатқан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алдын ала мәлімет бойынша, бір қабатты ғимараттың шатыры жанған. Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Өрт орнында штаб құрылды.