Павлодарда республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні республика бойынша су тасқыны қауіпі тұрақты. Дегенмен, республикалық маңызы бар жолды су шаюдың бір дерегі бар. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» тас жолының 101 шақырымында еріген қар суы жиналып, ұзындығы 6 метрді құрайтын жол жолағын шайып кетті. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды», -деді комитет басшысы.

Оның дерегінше, оқиға орнында «Қазавтожол» ЖШС-нің 13 маманы мен 8 техникасы жолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Осы тәуліктің ішінде жол қалпына келтіріледі деп ойлаймыз. Аталған жол жолағын қалпына келтіру үшін қажетті материалдар жеткізіліп жатыр. Дәл сол жерге диаметрі 2 метр болатын екі су өткізу құбыры төселген болатын. Бірақ, қар суының жиналуы салдарынан жол бүлінді», - деді В.Беккер.

Фото: instagram/kolesa_pavlodara

Соңғы жаңалықтар