09:41, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодарда Салық басқармасының ғимараты өртенді
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Павлодар қаласында Салық басқармасының 5 қабатты ғимараты өрт құшағына оранды,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, мекеменің шатырынан тұтанған өрт екі сағат өткеннен кейін сөндірілген.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 9 маман мен 3 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ