Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодарда Сәтбаев атындағы каналда ер адам суға батып кетті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің ақпарынша, 1987 жылғы ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

т
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары екі бірлік арнайы техниканы тарта отырып, 1987 жылы туған ер адамның денесін судан алып шыққан.

а
Фото: Павлодар облысы ТЖД

– Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде суға түсу кезінде болған, - деп хабарлады ведомстводан.

Құтқарушылар Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың техникалық гидротехникалық нысан болып табылатынын және онда шомылуға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.

с
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Департмент мамандары тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауды, тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана демалуды және шомылуға арналмаған қауіпті жерлерге түспеуді сұрайды.

Еске сала кетейік, Оралда суға батып кеткен алты жасар бала ауруханада көз жұмды.