Павлодарда сатушысы жоқ екінші дүкен ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «ADAL SHOP» дүкені іске қосылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы аталған жоғары оқу орны жастар саясаты департаментінің директоры Еркебұлан Күнтуған мәлім етті.

«Дүкенді ашуға облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті себепкер болды. Бұл акцияны Оңтүстік өңірлердің жоғарғы оқу орындары бастаған болатын. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша жалғасып жатыр. Мұнда ешқандай сатушы жоқ. Арнайы бақылау орнатылмаған. Ол дүкенде студенттерге қажетті кеңсе заттары, жеке басына пайдалануға арналған заттар, керекті тағамдар, сусындар бар», - деді Еркебұлан Күнтуған.

Оның айтуынша, сатып алушылар өзіне керекті затты алып, көрсетілген баға бойынша ақшасын арнайы қорапқа қалдырып кете береді.

«Бұл дүкеннің мақсаты - студенттерді адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Біздің департаменттің қызметкерлері кешке қарай дүкендегі заттардың азайғанын толықтырып, тазалап тұрады. «ADAL SHOP» жұмысы кәдімгі дүкендердің жүйесімен жүргізіледі. Түскен пайдаға қайтадан сатуға заттар алынады», - деді департамент директоры.

Айта кетейік, дүкен жұмысын негізінен университеттің еріктілері жүргізеді. Түскен қаржыны университет еріктілері жетім балаларға, әлеуметтік әлсіз топтың өкілдеріне көмектесу сияқты қайырымдылық шараларына жұмсайды.

Айта кетсек, бұған дейін Инновациялық Еуразия университетінде «Адалдық дүкені» атпен алғаш рет ерекше дүкен ашылған. 

null 

Соңғы жаңалықтар