Павлодарда сауда үйлерінің бірінде 160 грамм героинмен 40 жастағы азамат ұсталды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Павлодар полициясы сауда үйлердің бірінен 160 грамм героинмен ер адамды құрықтады.

Павлодарда сауда үйлерінің бірінде 160 грамм героинмен 40 жастағы азамат ұсталды

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Павлодардың полицейлері жедел ақпаратты тексеру кезінде сауда үйлердің бірінен 40 жастағы тұрғынды құрықтады. Жеке басын тінту кезінде одан 160 грамм героин тәркіленді», - делінген таратылған мәліметте.

Күдікті Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ірі көлемде есірткі сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал Алматының полиция қызметкерлері қала аудандарының бірінде    50 жастағы жергілікті тұрғынды өз үйінде ұстады. Тінту жүргізу кезінде оның үйінен 194 грамм героин табылған.