Павлодарда сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат расталмады
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ғимараттан барлық адамдар эвакуацияланды. Арнайы органдардың мамандары ғимаратты толықтай қарап шыққан.
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
«Жарылғыш зат қойылды деп хабарланған «Гулливер» сауда үйін 20-дан астам арнайы маман қарап шықты. Полицияда тіркелген ақпарат расталмады», деп мәлімдеді департаменттен.
Еске сала кетейік, Павлодардағы сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабардан кейін адамдар эвакуацияланды.