Павлодарда шахматтан Senat Оpen ашық кубогының іріктеу кезеңі өтті
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы жартылай финал ойындарына Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының іріктеу турларынан сәтті өткен әуесқой шахматшылар қатысты. «Солтүстік» тобындағы үздік 25 ойыншы биылғы тамыз айында Астанада өтетін Senat Оpen финалына қатысу үшін жолдама алады.
Павлодардағы Достық үйінде «Senat Open» ашық кубогының жартылай финалы өтті. Турнир алғаш рет Парламент Сенатының бастамасымен ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірін қамтыды.
Облыс әкімі Асайын Байханов шахматтан Парламент Сенатының ашық кубогына қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
«Чемпионат тартысты өтіп, көптеген мазмұнды партиялардың куәсі болатынымызға сенімдімін. Турнир Астана күніне орай ұйымдастырылып отыр. Барлық қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік және жеңістер тілеймін», - деді аймақ басшысы.
Жартылай финал ойындарына Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының іріктеу турларынан сәтті өткен әуесқой шахматшылар қатысты. Жартылай финалдар аймақтық принцип бойынша қалыптасады – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталық. «Солтүстік» аймақтағы үздік 25 ойыншы биылғы тамыз айында Астанада өтетін Senat Оpen финалына қатысу үшін жолдама алады.
Еске сала кетейік, шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке екі бөлмелі пәтер табысталды.