Павлодарда шаруаның үюлі тұрған 50 тонна шөбі өртенді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы жеке аулалардың бірінде үюлі тұрған 50 тонна мал азығы өртенді. Мамандар тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығынды анықтап жатыр.

шөп өртенді
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментіПавлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Павлодар облысы Аққулы ауданындағы Қарақала ауылында жеке шаруаның үй алдында үюлі тұрған шөбі өртенді.

«ӨБ-18 бөлімінің өрт сөндірушілері дереу аталған мекенжайға барып, шаруашылық ауласының аумағындағы жалпы алаңы 250 шаршы метр жерде жанған шөп сөндірілді. Аумақта 50 тонна шөп үйілген. Қызметкерлеріміз өрттің өзге ғимараттарға таралуына жол берген жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

мая өртенді
Фото: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

Өрт сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеті, Қарақала ауылының ЖЗҚ және Черное ауылындағы орманшылықтың орманшылары қатысты. Қазір оқиғаның себебі мен келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Бұған дейін Ертіс орманында шөп шауып жүрген шаруа өрт шығарып, қомақты айыппұл төлегені туралы жазған едік.

Ал Баянауылда жер өртеніп, от 10 мың гектардан астам аумақты шарпыды