Павлодарда шенеунік коньяк пен конфет алғаны үшін 1 млн-нан астам айыппұл төлейді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты шенеунікке 600 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Желтоқсан аяғында, соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, Комитеттің медициналық қызметті төлеу  департаментінің қызметкері  0,5 литр коньяк пен бір келі конфет және А5 форматты күнделікті сыйға алған. Бұл әрекет Қазақстанның ӘҚтК 677-бабы бойынша жазаланады.

Сот мемлекеттік қызметші  сыйлықты алғаны үшін 600 АЕК көлемінде немесе 1 361 400 теңге айыппұл төлеу үкімін шығарды.

Павлодар мамандандырылған әкімшілік сотында түсіндіргендей, сыйлықтың жалпы құны 3200 теңгені құраған. Егер сыйлық 2 АЕК-тен қымбат болса, қылмыстық жазаға тартылған болар еді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар