Павлодарда соғыс ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылуда

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыстың арамызда жүрген 55 ардагері туралы ролик төрт LED-экранда көрсетіледі.
Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнату 24 сәуірден басталды. Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, майдангерлердің портреттері 25 мамырға дейін тұрады.
«Қалалық бюджет есебінен құрылған және орнатылған 34 билбордта Совет Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің сегіз кавалері бейнеленген. Қалған билбордтарды майдангерлердің туыстары өздерінің соғыста болған әкелерінің, аталарының, ағаларының портреттері бар билбордтарды өз есебінен жарнама агенттіктерімен тікелей жұмыс істей отырып орнатады. Павлодарда 300-ден астам билборд конструкциясы орналасады. Ардагерлердің суреттері бейнеленген және Жеңістің 75 жылдығына орай ілінген билбордтардың дизайны бүкіл ел үшін бірыңғай логотиппен қала әкімдігімен бекітілді», - деді басқармада. Павлодар облысында 55 соғыс ардагері қалды, оның 37-і Павлодарда тұрады. 5 мамырдан бастап олардың портреттері бар ролик Павлодардың төрт LED-экранында көрсетіледі.
Сонымен қатар, Жеңіс күніне орай көшелер тақырыптық билбордтармен безендірілген. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында мерекелік жалаулар ілінген. Бүгінгі таңда 500-ден астам жарнамалық құрылым орналастырылған.