Павлодарда соққан дауыл көптеген ғимаратты шатырсыз қалдырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы ауылды жерлерде қатты желдің салдарынан мектеп, жеке ЖШС, дүкен, электр желісі кәсіпорындарының шатырлары қирап, екі көлік зақымданды. Дауылда ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Павлодарда соққан дауыл көптеген ғимаратты шатырсыз қалдырды

«23 мамырда 10.20-да Железинск ауданындағы Железинка ауылында қатты желдің салдарынан (жылдамдығы 16 м/с) №2 орта мектептің 15 шаршы метр шатыры қираған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді», - деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
null
Бүгін 11.50-де Ақтоғай ауылында «Ақтоғай Агро» ЖШС-на қарасты жөндеу цехының аумағы 168 шаршы метр шатырын жел (жылдамдығы 20 м/с) ұшырып әкетті. Соның салдарынан «ПРЭК АРЭС» АҚ электр желілері компаниясының төрт шаршы метрлік жабыны және екі жеңіл көлікке зақым келген. Ешкім зардап шекпеген.
«12.43-те Қашыр ауданындағы Тереңкөл ауылында Торайғыров көшесінің бойындағы «Ростик и К» дүкенінің шатырын жылдамдығы 19 м/с жел аумағы 355 шаршы метр шатырын ұшырып әкетті», - делінген хабарламада.null