Павлодарда соңғы үш жылда қазақ сыныбын таңдаған оқушылар үлесі тұрақты өсіп келе жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Жаңа оқу жылында өңір бойынша 11 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Олардың 52,2%-ы қазақ сыныптарын таңдап отыр.

Павлодарда соңғы үш жылда қазақ сыныбын таңдаған оқушылар үлесі тұрақты өсіп келе жатыр
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Өңірдің білім беру басқармасы бірінші сыныпқа қабылданатын балалар арасында мемлекеттік тілді таңдағандардың үлесі тұрақты өсіп келе жатқанын хабарлады.

— Павлодар облысында 359 мектеп, 116 мыңнан астам оқушы бар. 2025-2026 оқу жылында бірінші сыныпқа 11 мыңға жуық бала барады деп күтіліп отыр. Бірінші сыныптар бойынша қазақ тілінде — 5510, орыс тілінде 5 042 сынып болады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын жеткіншектердің 52,2%-ы қазақ сыныптарын таңдаған. Жыл өткен сайын Ертіс бойында қазақ тілінде оқығысы келетін бірінші сынып оқушыларының саны артып келе жатқанын атап өткен жөн, — дейді Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Баширова.

Егер 2020 жылы бұл көрсеткіш 35,5% болса, 2023 — 43%, 2024 жылы — 45% болған. Биыл бірден 7,2%-ға артып отыр.

Еске сала кетейік, СҚО-да жаңа оқу жылында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі