Павлодарда су басу қаупі төнген көшелерге арнайы техникалар жұмылдырылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Кешеден бері қала ішіндегі көшелердің біразы кілкіген көлшікке айналды. Әсіресе, жеке үйлер секторындағы баспаналарға қауіп төнді.

Су басқан көше
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Қардың жылдам еруінен бүгін түске қарай Запорожская көшесіндегі екі жер үйге су кіру қаупі туындаған еді. Бұл жерге атқарушы орган мен төтенше жағдай қызметінің техникалары жұмылдырылып, еріген қар суы сорылып алынып жатыр.

«Қазір қауіп сейілді. 19 наурыз күні сағат 12.10-ден бастап Ворушин-Қазправда көшелерінің қиылысында ТЖД және жергілікті атқарушы орган күштерімен көше жолындағы еріген қар суын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 1300 текше метр су сорылды», деп хабарлады ТЖД-дан.

Су сору жұмыстарына барлығы 6 адам мен 3 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар