Павлодарда су құбырлары желісі тағы да істен шықты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда тағы да су құбырлары желісі жарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Павлодарда су құбырлары желісі тағы да істен шықты

Павлодарда таңғы сағат бесте басты құбыры жарылды. Су сол сәтте өшірілді. Осыған байланысты, қазір мөлтекауданда (Камзин-Гагарин көшелері) мүлдем су жоқ. Апат суық су құбырында орын алды. Көпқабатты үйдің бесеуі мен жеке үйлер қазіргі таңда сусыз отыр. Су жіберетін колонкалар да өшірілген. Оқиға таңғы сағат бесте орын алды, деп хабарлады Павлодар облыстық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімінен. ТЖ орнында апаттық техника жұмыс жасауда.

«Бригада жарылған жерді іздестіруде, себебі су асфальтқа басқа жерден аққан. Су құбырдың басқа бөлігінен кеткен», - деді  «Павлодар-Водоканал» ЖШС бас инженерінің орынбасары Владимир Сарапульцев.

«Апат - тозығы жеткен су құбырының салдарынан орын алды», деп хабарлады Владимир Сарапульцев. Жауапты мекеме оны бүгін кешке дейін жөндемек.