Павлодарда сұлы өнімін қымбатқа сатқан дүкендер желісіне қомақты айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жергілікті дүкендердің бірі бағасы 195 теңге тұратын сұлы қауызын 405 теңгеге сатқан. Өзінің алданып қалған түсінген тұтынушы өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірді.

айыппұл
Фото: freepik.com

Павлодар қаласының тұрғыны сұлы жармасын өз бағасынан 210 теңгеге қымбатқа сатқан дүкеннің үстінен шағымданған. Өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті соған сәйкес кәсіпкерлік субъектісіне кезектен тыс тексеріс жүргізді.

- Сатып алушыға бағасы 195 теңге тұратын сұлы қауызы 405 теңгеге берілгені анықталды. Департамент тұтынушының шағымына сәйкес, дүкендер желісіне тексеріс жүргізіп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жіберілді. Сауда желісіне 369 200 теңге айыппұл салынды,-деп хабарлады Өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен.

Еске сала кетейік, тауар сапасына көңілі толмаған тұтынушыларға 777 млн теңге қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар