Павлодарда сұйық битум тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Около 20 тонн битума вылилось на дорогу из опрокинувшегося КамАЗа в Павлодаре
Фото: Павлодар облысы ТЖД

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Апат салдарынан көлік цистернасынан 19,5 тонна сұйық битум жер бетіне төгілген. Павлодар алюминий зауытының өртке қарсы бөлімшесі аумаққа көбік шашып тастады.

Жол-көлік апаты алюминий зауыты маңындағы автожол бойында болған. 

Около 20 тонн битума вылилось на дорогу из опрокинувшегося КамАЗа в Павлодаре
Фото: әлеуметтік желіден

«Бүгін сағат 19.15-те 112 қызметіне сұйық битум тиеген цистерналы Камаз көлігінің аударылып қалғаны туралы хабар түсті. Жүк көлігі бүйіріне жантайып құлап, ыдысындағы сұйық битум жерге төгілген. Оқиға орнына алюминий зауытының өртке қарсы бөлімшесінің қызметкерлері барды. Битум төгілген жердің жалпы аумағы — 260 шаршы метр. Өрт сөндірушілер аумаққа көбік шашып тастады. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері де оқиға орнында жүр» деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Аумақ қоршалып, трамвайлар қозғалысы тоқтатылған. 

Около 20 тонн битума вылилось на дорогу из опрокинувшегося КамАЗа в Павлодаре
Фото әлеуметтік желіден

Қазіргі уақытта битум таситын жүк көлігін көтеру үшін автокран жұмыс істеп жатыр.

Апатқа ұшыраған көлік жүргізушісі дін аман, ауруханаға жатудан бас тартты. 

Соңғы жаңалықтар