Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жүйелі жүргізілуде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Облыс тұрғындарының мемлекеттік органдарға өтініштерінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.
None
None

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық ақпараттық үгіт насихат штабының басшысы Ырза Тұрсынзадамен өткен кездесу кезінде айты.

«Осы жылдың маңызды жобасы - 109 бірыңғай қызметінің іске қосылуы. Ол халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету сұрақтарын, өтініштерін қабылдау, консультация алу мәселелерін шешу үшін қолайлы болды. Нәтижесінде облыстың мемлекеттік органдарына арналған кеңесте 34 447 өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 28 пайызға аз. Облыс тұрғындарының жоғары тұрған мемлекеттік органдарға өтініштерінің төмендеуі де байқалады. Сонымен бірге, шағымдардың азаюын да атап өтуге болады», - деді Айзада Құрманова.

Осылайша азаматтардың мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерінің арналары айтарлықтай кеңейтілді және халықпен сапалы кері байланыс тәсілдері жергілікті атқарушы органдармен жүйелі түрде шешілуде.


Павлодар облысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені жоспарлы және кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Биыл облыс әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті арасында алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жол картасы қабылданды.
Оның түпкі мақсаты - жергілікті атқарушы органдарды трансформациялау және өңіріміздің тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

«Павлодар облысы елімізде алғашқылардың бірі болып қалалық және аудандық сервистік әкімдіктердің ашылуын аяқтады. Сонымен бірге, бір мезгілге бірнеше өтініш берушіні қабылдау, оларға қолайлы жағдай жасау үшін облыс әкімінің ғимаратында OPEN-әкімдік офисі ашылды. Осы жұмыстың мақсаты -мемлекеттік органдардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етіп, сабақтастық пен демократияны жою», - дейді Айзада Құрманова.

Бұдан басқа, ол азаматтардың өтініштерін қарау сапасы әкімдер мен мемлекеттік органдар басшылары жұмысының тиімділігінің маңызды бөлшектерінің бірі екенін алға тартты. Бұл ретте, облыс әкімі аппаратының құрылымында ағымдағы жылы азаматтар өтініштерін қарау жөніндегі бөлім ашылған. Бұл азаматтардың өтініштерін қабылдау мен қарауды жандандыруға жүйелі түрде мүмкіндік береді.


Оған қоса, пилоттық режимде «Лидер» жобасы іске қосылды. Бұл - әлеуметтік желілердегі барлық хабарламалар, шағымдар мен өтініштер бақылауға алынып, орындау мерзімдерін анықтау және өтініш берушінің кері байланысын синхрондайтын деректер базасы. Яғни әлеуметтік желілердегі өтініштер де бақылауға алынып, өз шешімдерін табатын болады.

Айта кетерлігі, биыл Павлодар облысында цифравизиациялау бойынша жеті ауқымды жоба әзірленіп, жүзеге асты: ситуациялық орталық, облыстық мобильді қосымшалар, әлеуметтік ID картасы, қоғамдық көліктегі электрондық жүйесі, геопортал жүйесі, ақпарттық аналитикалық жүйесін облыс көлемінде енгізу.
Ырза Тұрсынзада әркім өз ісіне адал болу керектігін атап өтті.
«Біз текті халықпыз және оны ұмытпауымыз керек. Алдымызға келген адамды тектілігімізді ұмытпай, ештеңе дәметпей-ақ, сол бір жақсылығымызды жасап, міндетімізді орындасақ деймін», - деді Ырза Тұрсынзада.


Соңғы жаңалықтар