Павлодарда тағы бір жігіт суға батып көз жұмды

суға батты
Фото: видеодан скрин

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Құтқарушылар ер адамның мүрдесін судан алып шықты. Қайғылы оқиғаға куә болғандар жігіт суицид жасады деген пікір айтып отыр.

Павлодардағы Усолка өзенінде тағы бір жас жігіт суға батып кетті.

1995 жылғы ер азамат арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

«25 маусым күні сағат 17.51-де Павлодар қаласының Усолка өзенінен жедел құтқару жасағының қызметкерлері ер адамның денесін алып шықты. Ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Жедел жәрдем қызметкерлері оған реанимациялық әрекеттер жасап, жүрегінің тоқтағанын анықтады. Куәгерлердің сөзінше жігіт суицидтік әрекетке барған», деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Павлодарда екі жігіт суға батып кеткенін жазған болатынбыз. Олардың мүрдесін сүңгуірлер алып шықты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram