Павлодарда таксист жолаушымен жанжалдасып, бетіне бұрыш баллонын шашып жіберді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарт – Павлодарда ер адамның әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап хабарлайды.

Павлодарда таксист жолаушымен жанжалдасып, бетіне бұрыш баллонын шашып жіберді

«Оқиға 24 желтоқсанда Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде болған. Audi автокөлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрышты баллон шашқан. Полиция автокөліктің жүргізушісін анықтады. Ол 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Осы факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.


Видеодан алынған кадр/t.me/POLICE_of_KZ