Павлодарда телефон ұрлағаны үшін көпбалалы ана сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железин аудандық сотында ұялы телефон ұрлау фактісі бойынша 6 баланың анасына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша А. Веселая Роща орта мектебінің асханасында тамақ беру кезінде үстелде жатқан Н. есімді азаматшаның «LG-k5200» маркалы ұялы телефонын байқап, оны ұрлаған. А. ұрланған мүлікпен бірге қылмыс жасаған жерінен кетіп қалады. Осылайша, ол Н.-ға 90 000 теңге сомасындағы мүліктік зиян келтірді.

Сот отырысында А. кінәсін толығымен мойындады. Оның кәмелетке толмаған алты баласы бар, тұрғылықты жерінде ол туралы жаман сөз жоқ. Ауыл тұрғындарынан ешқандай шағым түспеген. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Ол талап етілген азаматтық талапты толық өтеуге міндеттелді.

Сот үкімімен А. ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған мүлікті тәркілеусіз, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram