Павлодарда темекі тұқылының кесірінен 40 адам өмірмен қоштаса жаздады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 4:29-да Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесі, 94 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші қабаттағы пәтердің 10 шаршы метр аумағы жанып кеткен.

«Түн ішінде құтқарушылар 40 адамды сыртқа алып шықты. Оның 10-ы - бала. Тілсіз жау сағат 5:27-де толығымен сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша, шылым шегу кезінде салғырттық таныту келеңсіз жағдайдың орын алуына себеп болған», - дейді департаментте.

Оқиға орнында жеке құрамнан 14 адам мен бес техника жұмыс істеді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram