Павлодарда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Біріншілік отандық тоғызқұмалақ мықтыларының басын қосып отыр. Алтын және күміс жүлде иелеріне Түркияда өтетін әлем чемпионатына жолдама беріледі.

тоғызқұмалақ
Фото: Павлодар облысының тоғызқұмалақ федерациясы

Тоғызқұмалақтың блиц және рапид түрлері бойынша өтіп жатқан чемпионатқа Қазақстанның 14 облысы мен 3 қаласынан 124 ойыншы қатысып жатыр. Спортшылар 24 қаңтарға дейін жекелей ойындар өткізеді.

тоңызқұмалақ
Фото: Павлодар облысының тоғызқұмалақ федерациясы

«Бұл – жаңа жылдағы алғашқы республикалық турнир. Биыл мамыр айында Түркияның Ыстанбұл қаласында блиц пен рапидтен VII әлем чемпионаты өтеді. Павлодар төрінде өтіп жатқан турнирде 1, 2-орын алғандар аталған жарысқа жолдама алады. Бәсекеге шеберліктері әбден қалыптасқан тоғызқұмалақшылар жиналып отыр. Жасы 14-тен жоғары спортшылар келді. Бұл жерде кейбір спорт шеберлігіне үміткер жастарға сенсация жасауға әбден мүмкіндік бар»,-дейді чемпионаттың бас төрешісі Шәріп Қашкенов.

Айтып өтейік, жарыста 5 ҚР-ға еңбегі сіңген спорт шебері, 17 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 23 спорт шебері өнер көрсетіп жатыр. Қатысушылардың 66-сы ер, 58-і әйел спортшылар.