Павлодарда төрт көлік соқтығысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде қатты соққы салдарынан әйел адам көлік әйнегінен ұшып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қаладағы Шөкин көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында төрт автокөлік соқтығысқан. Оқыс оқиға кезінде көліктердің бірінің терезесінен әйел адам түсіп қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 37 жастағы зардап шегушінің жағдайы туралы хабарлады.
- Әйел көп жарақат алған. Мидың шайқалуы, ұршық пен жамбастың жабық сынығы, оң жақ 5-6-7 қабырғалардың сынығы және екінші дәрежелі жарақаттық шок анықталды, - деді басқармада.

Ол №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар