Павлодарда трактор мен автокөлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында жеңіл автокөлік жолдан шығып кетіп, мас күйдегі ер адам зақым алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда трактор мен автокөлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

- Павлодар-Мичурин тас жолында трактор мен жеңіл автокөлік соғысқан. Салдарынан 1986 жылғы ер адам, 1998 жылғы әйел адам және 2016 жылы туған қыз бала мен мен 2012 жылы туған ұл бала зардап шекті. Ұл баланың сүйектері сынған. Барлық зардап шекккендер ауруханаға жеткізілді, - деді басқармадан.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында Кіші айналма жол көшесінде автокөлік жолдан шығып кетіп, 1971 жылғы ер адам зардап шеккен. Орташа деңгейдегі мас күйде болған ер адамның миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымын алған.

Сондай-ақ, демалыс күндері Назарбаев даңғылында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. 2005 жылы туған ер балада тобықтың жабық сынуы анықталып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.