Павлодарда трамвай соғып, аман қалған қыз травматологияға ауыстырылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Трамвайға соғылып аман қалған екі қыздың кішісі Марал әлі де дәрігерлер бақылауында болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда трамвай соғып, аман қалған қыз травматологияға ауыстырылды

«Маралдың жағдайы орташа ауыр. Ол оңалып келеді. Есін жиып, дәрігерлердің сұрағына жауап беруде», - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Бүгін оқушы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінен травматология бөліміне ауыстырылды.